2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Новости 9 мая, 2025

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.

«Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Похожие новости

Контакты

Астана, ул.Ш.Калдаяков, 23/1, офис 26

info@turkistan.today

Социальные сети
О нас

Выдано Свидетельство ИА «Turkistan Today» №17251 от 22.08.2018 г. Министерством информации и коммуникации РК. © 2018-2024

При использовании материалов сайта, просим вас обязательно указать ссылки. Напоминаем, что на информационном портале полностью защищаются авторские и другие права. Редакция не разделяет личное мнение автора. За рекламу и разного рода объявления ответственность несет рекламодатель.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Все права защищены.